Өткен сенбі 18 сәуірде онлайн форматта баһаи қауымдастығының қоғамды ақпараттандыру Офисі «Жеке адамдардың, қоғамдық институттардың және қауымдардың қоғамдық ұйымшылдық жолында анағұрлым зор өзара тәуелділіктерін ұғыну» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шарада коронавирус індетінің тұрғысынан анағұрлым үлкен өзектілікке және жаңа келешекке ие бола бастаған тақырып – қоғамдық ұйымшылдыққа жету үрдісінің мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндерін талқылау үшін мемлекеттік органдардың, академиялық қоғамның, діни қауымдардың өкілдері мен қоғам қайраткерлері жиналды.
Қатысушылардың талқылаулары бүгінде қоғам тап болған жағдайлармен қалыптастырылған мүмкіндіктер мен көріністер қырынан құрастырылды.
Екі сценарий бар – түңіліп, жағымсыз ақпаратты жіберу немесе мүмкіндіктерге көз жіберіп, оларды танып, алға ұмтылыс жасау, бұған дейін істей алмаған нәрсені істеу.
Серік Тоқболат, Баһаи қауымдастығының қоғамды ақпараттандыру Офисі
Талқылау барысында қатысушылар қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жеке адамның, қоғамдық институттардың және қауымдардың әлеуеті мен жауапкершілігі жайлы айтты. Сондай-ақ талқылауда қоғамның игілігіне үлес қосу үшін олардың арасындағы өзара қарым-қатынас қандай бола алатыны қозғалды.
Қоғам мемлекеттік органдардың қадамдары мен әрекеттерінің қаншалықты дұрыс па, жоқ па екенін белсенді талқыға салуда. Өте орынды шешімдер ұсынатын көптеген блогерлер, публицистер, журналистер баршылық. Қоғаммен өзара әрекеттесу, оның белсенді ат салысуы ең жақсы тәртіпте сұрақтарды реттеуге, туындайтын салдарға орай әрекет жасауға көмектеседі. Биліктің ашықтығы сенімге үлес қосады, мемлекет қабылдайтын шешімдер түсінікті болуы тиіс. Халық қателіктердің мойындалып, түзетілетінін көргенде, сенім туады. Өзара әрекеттестік пайда болады және бұл жедел тәртіпте қандайда бір тапсырмаларды шешу үшін маңызды.
Арман Қожахметов, Парламент Мәжілісінің депутаты
Мен ұйымшылдықтың жеке жауапкершілікпен байланысын көремін. Өзін-өзі оқшаулау ұсынымдарын елемей біз тек өзіміздің ғана емес, бірақ жақын тұратын адамдардың да қауіпсіздігіне қатер төндіреміз. Әрбір адам осы жауапкершілікті ұғынуы тиіс.
Әділет Төлеутаев, Дін істері басқармасы, Нұр-Сұлтан қ.
Талқылаулар бүгінгі нақтылықта шешуші болған тұжырымдамалар қатарын ашты:
Кемелдену белгілерінің бірі – өзіне жауапкершілік алу қабілеті, импульсивті және уақытша әрекеттерге қарама-қарсы ұзақ мерзімді әрекеттерге деген қабілет. Бұл кемеліне жеткен қоғам мен адамды ерекшелейді.
Әр адамның, отбасылардың, басшылардың жеке жауапкершілік деңгейі қатты өсті. Біздің қаншалықты өзімізге жауапкершілік алуымызға әзірлігімізден көп нәрсе тәуелді. Бұл – біздің бәріміз үшін анағұрлым есейіп, жауапты болуға жақсы мүмкіндік. Ұғыну мен қатысушылыққа біздің және тұтас қоғамның игілігі байланысты.
Бибігүл Махметова, Кәсіби тектанушылардың халықаралық лигасы
Осы уақытқа дейін сенімді түрде алға жылжытылған және өрлеудің қозғаушы күші болып есептелген қағида – бұл бәсекелестік. Қазіргі жағдайлардың көрінісінен бұл қағида өзін-өзі жойғаны айқын болады, өйткені бүгінде қоғам тап болатын қиындықтар барлығының ат салысуын талап етеді. Біздің бәріміз көтеретін жауапкершілікті түсіне отырып, біз өзімізге бұған дейін жол берген нәрселерге жол бере алмаймыз.
Өркениетіміздің күйреу тұңғиығының алдында бәріміз бірдей болдық. Біздің барлығымыз Ариаднаның бір жібімен байлаулымыз. Үлкен мәселе – әрбір жеке адам мен тұтас мемлекет қауіпсіздігінің мәселесі. Бүгінде біздің үкіметтеріміздің, халықаралық ұйымдардың, қауымдардың қамқорлығымен жол салынуда – біздің бәріміз бірімізден-біріміз өзара тәуелдіміз. Бұрын оларды бәсекелестік сезімі бекіткен мемлекеттер қазірде біріне-бірі көмек қолын созуда.
Қарлығаш Қалилаханова, Дінаралық және өркениет аралық диалогты дамытуға арналған Н. Назарбаев орталығы
Талқылау соған қоса сенім қайнары ретінде руханилықты дамыту маңыздылығын да қозғады:
Анағұрлым жиі адамдар руханилық жайлы айта бастады. Бұл өте жақсы, өйткені көп жауаптарды біз Қасиетті Жазбалардан табамыз. Сенім дінде туады. Біздің тұлға ретінде дамуымыз үшін әлеует тудыратын асқақ, рухани құндылықтарға жақын болуымыз үшін бізде осы уақыттың пайда болғанына мен қуаныштымын.
Асхат Әділбаев, Кришна санасы қоғамы
Жеке адамның әлеуетін босату мен дамыту үшін орта ретінде қауым рөлі қозғалды:
Тарихи тұрғыда адамдар қауымдарға бірікті. Бұл әлеует дамыған, адам қиындықтарды жеңуді үйренген орта болды. Біздің қоғам анағұрлым индивидуалистік болған сайын, қауым ұғымы өзгере бастады, адамдар географиялық қағида бойынша емес, ғаламторда біріге бастады. Ағымдағы жағдай қиын уақытта адамды қолдау үшін бұл топтардың жеткіліксіз екенін көрсетеді, оған жанында тұратын адамдардың қолдауы керек. Географиялық көзқарастан қауым ұғымы – көршілестіктер назарды қажет етеді. Қалайша адамдар көршілестіктерде достық өзара қарым-қатынастарын орната алады? Әзірге біз бұл тұрғыда бытыраңқымыз.
Тимур Чекпарбаев, Баһаи қауымдастығының қоғамды ақпараттандыру Офисі
Қоғамдық ұйымшылдыққа жету үрдісі шешім қабылдау сұрағын айналып өте алмайды:
Қоғамдық, сондай-ақ билік жүргізуші құрылымдар сияқты институттарға қалайша алқалы шешімдер қабылдау жайлы, шешімдер қабылдаудың бұл үрдісінің қағидалары қандай екенін ұғынуға ары қарай тереңдеу қажет болады.
Зайра Қойшынова, тарихшы, жобалық менеджер
Бәсекелестікпен, сынмен, біреудің басқаларға үстем болуымен байланысты қарым-қатынас нысандары бұдан әрі қазіргі тапсырмаларды шеше алмайды, қайта қарау талап етіледі –шын мәнінде біздің өркениетімізді не алға жылжытады? Әлеуеттің босатылуы мен дамуына не жәрдемдеседі? Өзіміздің қаншалықты өзара тәуелді екенімізді түсіне отырып, біз бәрінен бұрын ынтымақтастық, сенім қажеттілігінің шыққанын көреміз. Оған қоса біз оларды өсіріп, оларға үйренуіміз керектігін де түсінеміз. Сенімге, ауызбірлікке және өзара көмекке негізделген ұжымдық күш-жігерді қалай құруға болады және бәсекелестік, өзінің билігін дәлелдеуге ұмтылу, ұлықтылық, үстемдік ету әдеттері сияқты өткен ғасырға тән болған әдеттерді қалай қалдыруға болады? Осы және басқа да сауалдарға бізге әлі жауап табуға тура келеді. Өзінің сөзінде Қарлығаш Қалилаханова ерекше көңіл аударғандай:
Бүгін қозғалған тақырып жауаптарды қазір бермейді, өйткені бұл сұрақты біз жаңа ғана көтердік. Бұл сауалдардың қозғалуы маңызды. Ой қорытындысының нәтижесінде және сараптау, аналитикалық, саяси қоғамдастықтың не айтатыны және біздің мемлекеттеріміздің басшылары саяси кемені қайда бағыттайтынына құлақ асу нәтижесінде осы сауалдарға жауаптар табыла бастайды. Бұл жаңа пайымдаулардың, ой толғаулардың бастауы болсын.