«Постсекуляризм дәуіріндегі рухани білім берудің феномені» тақырыбындағы дөңгелек үстел

2017 жылдың 20 мамырында Алматы қаласының Қоғамды ақпараттандыру офисінің қызметкерлері философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Ә.Н. Нысанбаевтың 80-жылдығына арналған «Қазақстанды модернизациялаудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми конференция щеңберінде өткен «Постсекуляризм дәуіріндегі рухани білім берудің феномені» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің жұмысында ат салысты. Офис «Қазақстан Республикасының мемлекеттік және әлеуметтік кеңістігіндегі діннің рөлі» тақырыбы бойынша баяндама әзірледі. Баяндамада Баһаи Сенімінің және діннің қазіргі уақыттың аса маңызды сұрақтарын шешуде ойнайтын жасампаз рөлі ұстанымынан ғылым мен білім арасындағы үйлесімділікке көзқарас ұсынылды және өркениетті алға жылжытуда ойнайтын діннің рөлі қарастырылды.

Конференция жұмысында Қазақстан Республикасының көрнекті қоғамдық және еңбек сіңірген қайраткерлері, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, Алматы қ. жоғарғы оқу орындарының жетекші профессорлары, магистранттар және PhD докторанттары қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған