«Отбасылық құндылықтар » тақырыбы бойынша дөңгелек үстел

2019 жылдың 20 ақпанында Қазақстан Баһаи Қауымдастығының Ұлттық офисінде «Адами әлеует жүзеге аса бастайтын негізгі кеңістік ретіндегі отбасы» тақырыбы бойынша кезекті дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қатысушылар – Мәдениеттер және діндердің халықаралық орталығы, Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы, Астана қаласының қоғамдық даму басқармасының өкілдері, социологтар мен дінтанушылар, қаланың әр түрлі жоғары оқу орындарының студенттері – адам әлеуетінің, осы жолы, тұлғаның адамгершілік құрылымы қаланатын негізгі кеңістіктердің бірі ретіндегі отбасы мәнмәтінінде ашылуы жайында ой толғады.

Кездесудің басында ұйымдастырушылар мынадай сұрақтар бойынша ойлануды ұсынды: Қандай қағидалар отбасыны сақтай алады? Бұған дейін ғасырлар бойы қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз еткен мәдени құндылықтар мен мәдени негіздерді қалайша жандандыруға болады? Қалайша бұл мәдени құндылықтарды қазіргі өмір нақтылығында пайдалануға болады? Қалайша халықтар бұқарасында мықты берекелі отбасыларды қамтамасыз етуге болады?                                                                                              

Талқылаудың негізгі барысы отбасының біртұтастығын сақтау мен оның игілігіне жетуге жағдай жасайтын оның мүшелері арасындағы қарым-қатынастар  құралатын өзінің қызметтерін орындайтын отбасы үлгісі төңірегінде айналды. Қатысушылардың әр түрлі көзқарастар, жас, өмірлік тәжірибе және қызмет аясы тұрғысындағы талқылауы кеңесуді байытып, сұрақтарға кеңірек қарауға мүмкіндік берді.

Қатысушылар біздің қоғамдағы отбасыға қатысты көзқарастардың қатты өзгешеленетінін атап өтті. Белгілі бір көзқарастар отбасыға патриархалдық кеңістіктің тарихи мәртебесін сақтап қалуға ұмтылады. Басқа көзқарастар отбасыда гендерлік тепе-теңдікті сақтау қажеттілігіне баса назар аударады. Барлық қатысушылар білім, дәстүрлер мен құндылықтар табиғи түрде ересек ұрпақтан кіші ұрпаққа берілетін және ересектерге деген құрмет көзқарасы дамылатын және олардың тәжірибесі бағаланатын кеңейтілген отбасыны сақтау маңыздылығы жайлы ойды бөлісті. 

Дөңгелек үстелге қатысушылардың сөздерінен:

«Егер бала қалайша әкесінің анасына қамқорлық танытатынын, қалайша олардың бұны бірге жасайтындарын көрсе – онда бұндай үлгі қалыптасады және ол оны ертең өзінің отбасына көшіре алады».

«Балаларды физикалық, ақыл-ес және сондай-ақ рухани тұрғыда дамыту қажет».

«Туыстық байланыстарды сақтау біздің ділімізде жіне біздің дәстүрлерімізде бар».

Талқылау сондай-ақ гендерлік тепе-теңдікті де қозғады. Қалайша бұл қағиданы түсінеді және қалайша ол қоғамда пайдаланылуы тиіс? Қалайша оны біздің халқымыздың діліне тамыр жайған негіздермен салыстыруға болады? Қалайша адамдардың әлеуетін тежейтін тосқауылдар мен таптаурындарды жеңуге болады? Бұл қағиданың отбасылық өмірдегі тәжірибелік қолданысы қандай? Берілген тақырыптың өзектілігі Қоғамды ақпараттандыру офисін ерлер мен әйелдер теңдігіне арналатын және шамамен 2019 жылдың сәуір айының бірінші он күндігінде өтетін дөңгелек үстелдің келесі тақырыбын анықтауға итермеледі. 

«Адами әлеует жүзеге аса бастайтын негізгі кеңістік ретіндегі отбасы» құжаты дөңгелек үстелге Қоғамды ақпараттандыру офисімен әзірленді. Мақала мәтінін осы жерде оқи аласыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған