Сөз бен өнер адамдарды жоғарылатады

4 тамыз 2018, Орал

Қызғылт қоқиқаз – бұл Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген тропикалық құс. Біздің өңірге олар ерте көктемде келіп, жаздың соңында ұшып кетеді. Дәл осы жерде, Қорғалжын қорығында, осы ғажайып құстар өздерінің ұрпақтарын шығарып, өсіреді. Құстар популяциясына қаскөйлік кедергі жасайды. Өткен айдың әр сенбісінде Орал қаласының көрме орталығында өткізілген көркем сурет бойынша шеберлік-кластардың бірі біздің кең байтақ даламыздың жан-жануарларына қамқорлықпен қарау және фаунасымен танысуға арналды.

Қатысушылар Абдул-Баһаның келесі сөздеріне ой толғады: «Жан-жануарларға асқан мейірімділікпен қарап, оларға бауырлас адамға қарағанда көбірек қамқорлық таныту керек», сурет салу әдістерінің бірімен танысты және қылқаламның көмегімен осы құстардың әсемдігін қағаз бетіне түсіруге тырысты.

Бұл шеберлік-класы «Мезгіл лебі» көрмесі аясындағы келушілердің өтінішімен ұйымдастырылған сабақтар топтамасының соңғысы болды. Әр сенбі сайын қатысушылар сурет салудың жаңа әдістерімен танысу үшін, және Жасампаз Сөз төңірегінде ой толғай отырып, суреттерде өздерінің ойлары мен сезімдерін көрсету үшін кездесті. Осы кездесулер барысында туындаған суреттер дәл осы орталықта орналастырылған галереяны құрастырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған