Діни қауымдастықтар өкілдері спартакиадаға қатысты

Ағымдағы жылдың 26 тамызында Астана Баһаи Қауымдастығының өкілдері «Спорттық денсаулық – күшті ел» атауымен өткен спартакиадаға қатысты. Спорттық шара Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай және Қазақстанның діни бірлестіктері өкілдерінің Жиыны аясында ұйымдастырылды.

«Барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің қасиетті жазбаларында адам өзінің денінің саулығы мен салауатты өмір салтын ұстауы үшін барынша күш-жігер жұмсау қажеттігі туралы жазылған. Бүгінгі спартакиада елдегі барлық конфессия өкілдерінің қатысуымен біздің елордамызда алғаш рет ұйымдастырылып отырылғанын айтып өткім келеді. Сондай-ақ іс-шара барлық дін өкілдерінің спортты дамыту мен денсаулықты нығайтудағы бірлігі мен ынтыматастығын көрсетуге бағытталған»- деп атап өтті ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитетінің төрағасының м.а Еркін Оңғарбаев.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды. 1000 метрге жүгіру және ұзындыққа секіру номинациясы бойынша өткен бәсекеде 3-ші жүлделі орынға Джамиля Ақмолдаева ие болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған