Өнер қоғамның оң өзгерістеріне қалайша ықпалын тигізе алады?

2018 жылдың 10 шілдесінде суретші Ляззат Сержанның соңғы төрт жылдағы
жұмыстарын қамтитын «Мезгіл лебі» атты суреттер көрмесінің салтанатты ашылымы
өтті.
Суреттер арқылы жеткізілетін идеялар автордың көркемдік қиялдарының үзінділері болып
табылмайды, олар қоршаған дүниенің нақтылығына негізделеді. Суреттердің негізгі
тематикасы біздің қазіргі қоғамымыздың тап болатын сұрақтарын қозғайды. Көрме
келушілерді осы сауалдар төңірегінде ой толғауға шақырады және оларды шешуге
қатысты ойды бағыттайды. Суреттерге іріктеп алынған дәйексөздер алуантүрліліктің
бірлігі — яғни адамзат бірлігі, шындықты өз бетінше іздеу, əйелдер мен ерлер теңдігі,
ғылым мен діннің үйлесімі, жалпыға ортақ білім сияқты қағидаларды көрсететін Баһаи
сенімінің Қасиетті Жазбаларының қазынасынан алынған. Өзінің суреттерінде автор
рухани қағидалардың қоршаған ортаға тигізетін оң ықпалына жарық түсіруге, осылайша,
көпшілікті өздерінің бекзат сезімдерін ояту үшін және бейбітшілік пен бірлік орнату үшін
шабыттандыруға талпынды.
Көрменің алғашқы келушілері, кәсіби суретшілер мен қарапайым көрермендер суреттерге
қатысты пікірлерімен бөлісті:

Жұмыстардың әрқайсысында бір тереңдік байқалады. Әсіресе, көптеген бейнелер қозғалыстарының серпінінің қалай көрсетілгені ұнайды. Қараған кезде, көп ойлар туындайды.
Жұмыстардың барлығы терең мағынаға бөленген, ойлауға мәжбүрлейді, адамның болып жатқан дүниелерге қызығушылығын тудырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *