«Қоғам игілігіне жәрдемдесу үрдісінде адами әлеуеттің ашылуы» — бұл тақырып баһаи Қауымдастығының Ұлттық Офисінде ағымдағы жылдың 8 ақпанында өткен дөңгелек үстелдің қатысушыларына ұсынылды. Даму тақырыбындағы әлеуметтік дискурста жиі қоғамның жақсаруы үрдісіне әсер ету күшіне қаржылық ресурстарға мүмкіндігі барлар ие немесе бұл – билік жүргізуші құрылымдардың артықшылығы деген ой басым келеді. Дөңгелек үстелге әзірленген құжатта біздің қоғамдағы миллиондаған адамдардың бірлескен дарындары мен қабілеттері жасампаз өзгерістер үшін ресурстардың
таңғаларлық қорын құрайды деген ой ашылады.
Пікірталаста қатысқан жас адамдар – студенттер, магистранттар, қаланың әр түрлі жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері, Астана қаласы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасы адами әлеуеттің босатылуының қоғам өмірінде қандай рөл ойнайтынын,
қалайша бытыраңқылық пен ортақ құндылықтардың болмауы оның дамуын тежейтінін және қандай ортақ құндылықтар адамдарды біріктіріп, оның игілігіне мүмкіндік туғыза алатынын талқылады.
«Біздің барлығымыз қабілеттерге иеміз, бірақ адам сыртқы күштердің ықпалы астында болып, оған қырағылық, өркениет шеңберінде ойлау қабілеті жетіспейді», — деп қатысушылардың біреуі атап өтті.
Талқылау қырларының бірі адам әлеуетінің дамуына жағдай жасайтын оған деген көзқарастардың және оның бабын табудың маңызды құраушылары жайлы, оның тағдыры қандай екені жайлы ой толғау болды. Өздерінің жеке бастарының мысалдарымен
сәйкестей отырып, жас адамдар қоғамның түрленуіне, оның игілігіне жәрдемдесуге қатысудың қалайша адамның өзінің ішкі дүниесінің өзгеруіне жағдай жасайтынын атап өтті.
Талқылау барысында адами әлеуетті ашумен байланысты тағы бір тақырып – отбасылық құндылықтар тақырыбы туындады, соған байланысты Қоғамды ақпараттандыру офисі келесі талқылауды осы тақырыпқа арнауды жоспарлады. «Адами әлеует жүзеге аса
бастайтын негізгі кеңістік ретіндегі отбасы» — бұл ақпанның соңында өткізу жоспарланатын келесі дөңгелек үстелдің тақырыбы.