Тақырыптар

Барлық әлемдік Баһаи қауымы сияқты Қазақстан баһаи Қауымдастығының тұтастай қамтитын мақсаты әлдеқайда бейбіт және әділ қоғам құруға ат салысу болып табылады.

Біз осындай тәртіптің негізі адамзат бірлігі қағидасы – адамзат жанұясы мүшелерінің өзара байланыстылығында көрініс тапқан қағида – болып табылады деп есептейміз. Бұл қағида бүгінгі таңда адамзат әрекетінің барлық саласында байқалуға тырысады– әлеуметтік, интеллектуалдық, көркемдік және адамгершілік және бұл тек солардың кейбірі ғана.

Сондай-ақ біз анағұрлым әділетті қоғам құруға жәрдемдесетін құралдар мақсаттарға сай болу керек деп санаймыз. Көрініс бірлігіне қол жеткізу мен анағұрлым ауқымды ынтымақтастықты дамыту бойынша күш-жігерлер өздігінен бірлескен және біріктіруші болып табылатын құралдардың көмегіменен жүзеге асырылуы тиіс. Тым жиі жіктелумен және топтасумен белгіленген мәдениетте біз қоғамымыздың алдында тұрған әлдеқайда күрделі сауалдардың кейбірі бойынша шынайы әңгімелесу мен ұжымдық ой-толғауға жағдай жасауға ұмтыламыз. Біз ынтымақтасу мен өзара оқытудың бұл әдісі білімді тудырып, ниеттестік пен түсініктікке жәрдемдеседі деп санаймыз. Дәл осы бағытта Қазақстан баһаи Қауымдастығы Баһаи Сенімі Жазбаларынан және өз елдерінде жұмыс атқарып жатқан әлем бойы баһаилардың тәжірибелерінен алынған идеяларды ұсынады.

Қазіргі уақытта қоғамды ақпараттандыру Офисінің жұмысы қоғамдағы діннің рөлі мен қоғамдық игілікке үлес қосу тәсілдерін зерттеумен байланысты. Келесі беттер тәжірибе мен осы күш-жігерден алынған сабақтардың кейбірін суреттейді.