«Адамзат пікірталастар мен шиеленістерден мәселелерді талқылаулар мен келіссөздер арқылы шешуге талпынудың алғашқы шұғылаларының пайда болуына дейін ұзақ жолды жүріп өтті. Көну мен ымыраға келу, күрделі сұрақтар бойынша пәтуаға жету, жеке тұлға немесе ықпалды топтың беделінің әсерінен бірауыздан шешім қабылдау, пікірталастар мен дау-жанжалдарда өз көзқарасын қорғау сияқты мәселені шешудің бұрыңғы әдістері, сірә, қазіргі қоғамның шынайы қажеттіліктеріне жауап бермесе керек», — 2018 жылдың 18 қазанында Астанада өткен ғылыми-практикалық конференциядағы Қазақстанның Баһаи Қауымдастығының атынан сөйлеген сөзде, міне, осындай негіздеме келтірілді.
Берілген кеңістікті рухани келісім Күнінде Астана қаласының әкімдігі мен мәдениеттер мен діндердің Халықаралық Орталығы ұйымдастырды. Өкілетті мемлекеттік органдардың жетекшілері мен Қазақстанның діни бірлестіктерінің, ғылыми-сараптау қоғамдастықтарының және мәдениетаралық әрі конфессияаралық сұхбат сауалдарымен тікелей айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мемлекеттік-діни және дінаралық қарым-қатынастар аясындағы өзекті мәселелерді талқылау, дінаралық сұхбат пен өзара түсіністікті алға жылжытуда күш-жігерлерін біріктіру мақсатында бір үстел төңірегінде жиналды.
«Біз осы кеңесушілік үрдіс құрылатын, өскен қоғамдық санаға сай келетін, адамдардың жасырын мүмкіндіктерін босататын, бүгінгі күні адамзат тап болған күрделі мәселелерді шешуге қабілетті интеллектуалдық және рухани күштерді ашатын жаңа қағидаларды табу қажеттілігінің алдында тұрмыз», — деп өз сөзінде конференцияда баһаи Қауымдастығының өкілі болған Тоқжан Қожахметова атап өтті.
«Біз өзіміздің қазақстандық қоғамымызда, сондай-ақ басқа да елдерде маңызды міндеттердің шешімдерін іздестіруге қоғамның әр алуан сегменттерін қатыстыратын жаңа сұхбаттық кеңістіктердің туындауын бақылап жатырмыз. Осы үрдіске тартылғандардың топтарын кеңейтуге талпыну – қуантарлық жайт. Іс-әрекеттері мен күш-жігерлерінен тәжірибе жүзінде кез келген қабылданған стратегияларды пайдалану тәуелді болатын адамдардың кеңесуде қатысуы әділеттілік қағидасының көрнекі іске асуы болып табылады».
Баһаи қауымдастығы дінаралық өзара түсіністік пен өзара құрметке қол жеткізуден бөлек, мұндай кеңістіктер діни ілімдер мен оларды қолданатын діни қауымдардың елдің өрлеуі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде қандай рөл ойнайтыны жайындағы түсінікті алға жылжыту үшін мүмкіндікті ұсынады деп санайды.
Конференция «Дінаралық және мемлекеттік-діни қарым-қатынастардағы сұхбат мәдениеті» және «Бірлік алуантүрлілікте: болашақты құруда тұрақтылықты сақтау маңыздылығы» атты тақырыптар бойынша бір пленарлық және екі секциялық отырыстарды қамтыды.
Конференция қатысушылары дінаралық келісімге жағдай жасайтын және сондай-ақ мемлекеттер мен діни Қауымдастықтардың өздерінің арасындағы қарым-қатынастарды нығайтатын сұхбаттық кеңістіктерді құру бойынша практикалық ұсыныстарды атады. Сонымен қоса қатысушылар жастарды осы кеңістіктерге қатыстыру қажеттілігін атап өтті.
Отырыстардың қорытындысы ретінде «Қазақстандық жол: сұхбаттан рухани келісімге» атты Ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағын жариялау жоспарлануда.