Болашақты кім жазады: жастардың әлеуметтік жобалары

2019 жылдың 27 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қ., баһаи Ұлттық Офисінде «Болашақты кім жазады: жастардың әлеуметтік жобалары» атты дөңгелек үстел өтті. Онда Елбасы Орталығының дінаралық және өркениетаралық сұхбатты алға жылжыту Департаментінің директоры, «Қазақстан әйелдері» АҚ президенті, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, шығармашылық интеллигенцияның өкілдері және студенттер қатысты.

Қалайша біз өзіміздің өмірлік ісімізді таңдаймыз? Біз мәнді бір нәрсе істей алатынымызды сеземіз бе? Бізге және басқаларға пайда әкелетін нәрсені? Әлдекім тек өзінің ғана өмірін жақсартатын емес, сонымен бірге оны қоршаған қоғамды жақсартуға үлес қосатын қадам жасап, әрекет қылуға шешім қабылдағанда, не болады? Ол қандай қиындықтарға тап болады? Қандай тосқауылдарды жеңуге тура келеді? Қандай көзқарастар, тәсілдер мен амалдар оны күшке бөлейді? Қандай құндылықтар тоқтап, басталған істі орта жолда тастап кетпеуге көмектеседі? Жеке адам мен қоғам арасындағы қандай қарым-қатынастар осы күш-жігерге қажетті жеміс әкеліп, оның ықпалын арттырады? Осы үрдістегі ортаның рөлі қандай? Ұжымдық ерік қалайша оянады? Тиімді қоғамдық әрекет үшін кейбір құраушылар қандай?

Әлеуметтік жобаларды біздің арамызда өмір сүретін адамдар жасайды. Кездесу қатысушылары бүгінде біздің қоғамымызда әр алуан салаларда қолға алынатын әр түрлі бастамалармен танысты, адам мен қоғамды байланыстыратын сол бір негіз қалаушы қарым-қатынастар жайлы өз ой-толғауларымен бөлісті. Өздерінің іс-әрекеттері жайлы айтты: Әлімжан Ахметов – Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығының директоры және негізін қалаушы, Анастасия Маскевич – «Клуб Писателей Астана» ұйымдастырушысы, Гелия Алиева – стратегиялық даму бойынша кеңесші, Жапал Долиев – «Дипломмен ауылға» жобасының авторы, Қуаныш Әскеров пен Раушан Берікболова – жасөспірімдердің адамгершілік күштерін босату бағдарламасының тәлімгерлері, Гүлбану Сапеева — «Otbasy men jastardy qoldau qory» КҚ директоры.

Ең алуан салалардағы күш-жігерлердің кең аясын қамти отырып, бұл жобалар ортақ мақсатты – қоғамның жақсаруына үлес қосу, адамдар әлеуетінің дамуына жағдай жасауды – бөліседі. Бұл әрекеттерге түрткі болып бізді жер бетіндегі барлық басқа тіршілік түрлерінен ерекшелейтін адамдық қажеттілік – өз өмірімізде мәнді бір нәрсе жасау, басқаларға көмектесу, жақындарымыздың қамын ойлау – табылады. Дөңгелек үстел қатысушылары қойған сауалдардың бірі – қалайша жақсарту мақсатында қолға алынатын бастамалар осы бастамалар бағытталған адамдарды тәуелділікке қоя отырып, арқа сүйеушілік тәсілге мүмкіндік туғызбай, күшке бөлеп, әлеуетті босатулары керек?

Бұл дөңгелек үстел «Адамдардың әлеуетін босату» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел топтамаларының кезектісі болды. Берілген кеңістік қоғамымыздың жақсаруына жағдай жасайтын құндылықтар жайындағы әңгімелесулерге түрткі беру мақсатында құрылған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *