2019 жылғы 22 маусымда Нұр-Сұлтан қаласындағы Бахаи Ұлттық Офисінде «Өскелең ұрпақтың жеке дамуына арналған жағдайлар мен алғышарттары және олардың қоғамның қуатына үлесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Кездесуге Парламент Мәжілісінің Депутаты, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, академиялық ортаның өкілдері және студенттер қатысты.
Спикер ретінде химиялық инжерения ғылымының докторы, «Қазақстанның Жас Ғалымдарының Альянсы» қоғамдастығының ұйымдастырушысы және идеялық шабыттандырушысы Әсия Ермұхамбетова мен «Friendly city» балалардың ерте даму орталығының директоры, Монтессори-педагог Елена Дәулетгелдіқызы сөз сөйледі. Сонымен қатар, дөңгелек үстелге ақын, жазушы, публицист, «AVANGARD» ЖС басшысы Дина Ораз қатысты.
Іс-шара «Адамзат потенциалын босату» жалпы тақырыптың аясында дөңгелек үстелдер сериясының жалғасы болып табылды.
Қатысушылар өздерінің талқылауларында қоршаған ортаны және қоғамды тануға жауапкершілік алу үшін оның қоғам дамуының қорғаушысы болуға жетелейтін адамның жеке дамуын қалыптастыруды анықтауға тырысты.
Спикерлер мамандық таңдауда адамның өз рөлін, бұл сұрақта жас адамға ата-аналарының түсінігі мен сенімінің қажеттілігін көрсетті, балалық шақта ертеден бастайтын кішкентай, бірақ мейірімді адамға махаббат сияқты қасиеттермен өсіруге, қарым-қатынас орнату шеберлігі, қоршаған ортаны жақсы көру және жаңашырлық танытуға көмектесу қажеттілігі, рухани-моральдік тәрбиенің маңыздылығын атап айтты. Сонымен қатар, қазіргі педагогика алдында тұрған мәселе – балалардың білім беру жүйесінде рухани-моральдік тәрбие берудегі әсерін қандай ? Егер қоғамда басымдылық адам туралы түсінікте оның мейірімді табиғатын ескеретін болса, онда адам потенциалын босатуда бұл қалай байқалар еді?
Қатысушылар қатыгез бәсекелестік сияқты қоғамдағы кең тараған тәсілдер адамның өсуін шектейтінін және қоғамда бөлшектенуге ықпал ететінін атап айтты. Олар білім алуда талпыныс сияқты өздерінің мысалдарымен бөлісіп, жолдары анықталғаны және өмірдегі қиындықтарды жеңуге, биік мақсаттарға жетуге көмектескені сөз болды, ата-аналарының рөлдері туралы ойланып, олар уақытты қалай өткізетіні олар қандай медиа контент қарайтыны және бұл олардың балаларына қандай салдары бар екендігі туралы ой қозғалды. Сонымен қатар, немерелерінің тәрбиесінде ата мен әжелер көмегі оң нәтиже береді.
Дөңгелек үстел барысында Дина Ораздың бала туралы және балардың өміріндегі ата-аналардың рөлі туралы оқыған өлеңдері ерекше терең ойға салды.
Келесі дөңгелек үстел «Кім болашақты жазады: жастардың әлеуметтік жобалары» тақырыбында қыркүйек айының соңғы онкүндігіне жоспарланды.