Басты бет

Біз кімбіз

Қазақстан баһаилары – алуан түрлі мәдениеттерден құралған, туған елдің гүлденуіне күш-жігерін салып жатқан әр түрлі ұлт өкілдері болып табылатын әйелдер мен ерлер, жастар мен аға ұрпақ буыны, яғни Қазақстан азаматтарының Қауымдастығы.  Оларды біріктіретін ортақ мақсат – барша адамзатқа қызмет ету және Баһаулла Іліміне сай рухани дамуға қол жеткізу. Қоғамның гүлденуіне әрі оның өрлеуіні үлес қосу үшін өз көршілері және достарымен біріге еңбек етуде.

Біздің тәсілдеме

Әлем халықтары болашақта адамзатты біріктіретін ортақ мұратты іздеп жатқан кезде, баһаилар қоғамымыз өзгерістер мен белгісіздіктерге толы дәуірді бастан кешіп жатқанын түсіне отырып, қоғамдық игілікке атсалысу айналасындағы тақырыптардың әр түрлі деңгейдегі талқылауларына қатысып, әлеуметтік дискурстарға араласады.

Мәселелерді шешудің дайын жолдарын ұсынғаннан гөрі, баһаилар ортақ отанымыздың гүлденуіне үлес қосып жүрген жәрдемдесушілермен бірлесе үйренеді. Сонымен қатар, Баһаулла Ашылымынан рухтанған ой өрісі және қоғамды жақсарту жолында Оның Ілімін қолдануда жинаған қарапайым тәжірибесін аянбай бөліседі.

2012 жылы осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Баһаи Қауымдастығы жанында Қоғамдық Ақпарат Офисі құрылды. Жұмыс істей бастағаннан бері Офис қоғам өміріндегі діннің ролі және гендерлік теңдік тақырыптары бойынша әр түрлі кеңістіктерге атсалысып келеді. Сондай-ақ, Офис қоғамның дамуына байланысты тақырыптар қозғалатын қатысушылар ауқымы кең талқылауларға мұрындық болып келеді.